Құрметті әріптестер, серіктестер, достар!
«Август» халықаралық компаниясы 2007 жылы «Август-Қазақстан» ЖШС еншілес компаниясының ашылуымен Қазақстанның өсімдіктерін қорғау нарығында пайда болды. Содан бері «Август» пестицидтерді жетекші өндірушілердің – жеткізушілердің бірі болды, және соңғы үш маусымның нәтижелері бойынша аса ірі бестіктің қатарына кіреді.
Республикадағы компания препараттарының ассортименті жыл сайын кеңеюде. Бүгінгі күні фирма ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 44 өнімді ұсынады, олардың көбісінің, мысалы, Виал ТрасТ тұқымдарды уландырғышының, Колосаль фунгицидінің, Дублон голд гербицидтерінің, Фабианның және т.б., Қазақстан нарығында теңдесі жоқ.
«Август» компаниясының препараттарын қант қызылшасы, соя, рапс, астық, жүгері егістігі алқаптарының маңызды бөлігіне қолданады, және жыл сайын олардың ұлғаю үрдісі бақыланады. Жыл сайын нағыз сапаға және жоғары тиімділікке ие болған «Августтың» жаңа препараттары тіркеледі.
Компания қуатты қазіргі заманғы өндірістік базаны құрды, оған екі кәсіпорын кіреді - Чуваш Республикасындағы «Вурнарский завод смесевых препаратов» және Беларуссиядағы «Август-Бел» зауыты. «Август-Бел» - Беларусь Республикасындағы өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру жөніндегі аса ірі қазіргі заманғы кәсіпорын, ол өзінің жұмысын 2009 жылы бастады. Бұл зауыт сулы ерітінділер, эмульсиялар концентрациялары және сулы концентраттар, сондай-ақ фунгицидтер, тұқымдарды уландырғыштар және эмульсиялар түріндегі инсектицидтер түрінде гербицид препараттарының экологиялық нысандарын қазіргі заманғы технологиялық өндіруді қамтамасыз етеді. «Август-Бел» зауытының өндірістік кешені озық технологиялардың үздік жетістіктерін қамтиды. Кәсіпорын жетекші еуропалық өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылған. Зауыт зертханасы шикізат пен өндірістік препараттардың кіру бақылауын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үздік аспаптармен жарақтандырылған, ол өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ төрт қабатты канистрді өндіруге арналған неміс жабдығы орнатылған.
«Август» компаниясының қуатты ғылыми бөлімшесі қолданыстағы заттардың анағұрлым тиімді және түпнұсқалық үйлесуін таңдап алып, жоғары технологиялық препаративті нысандарын әзірлейді. «Август» компаниясы ISO 9001: 2000, ISO 14001: 2004 и OHSAS 18001: 2007 (сапа менеджменті, экология және кәсіптік қауіпсіздік жүйелері) сияқты халықаралық стандарттардың талаптары бойынша өндірілетін өзінің препараттарының сапасын растады.
«Август» компаниясы «Pole-online» технологиялық сүйемелдеудің бірегей агрономдық порталын әзірледі. «Pole-online» порталы – бұл дақылдарды өсіру технологияларын, өсімдіктерді қорғау бойынша шешімдерді, сондай-ақ агрономдармен қабылданатын басқа да технологиялық аспектілерді нақты уақыт режимінде көрсету.
«Август» компаниясының командасы әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісінің әрқайсысының бұдан әрі сенімді серіктесі болып қалуына тұрақты жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласының көшбасшыларының арасындағы компаниялардың көбісі - «Август» фирмасының өнімін тұтынушылар екендігі құпия емес.